Елімізде су тарифі қымбаттауы мүмкін
Қазақстанда су тарифі өзгеруі мүмкін. Аталған мәселе бойынша Экология министрлігі құзырлы органдарға ұсыныс әзірлеп жатыр. Бұл туралы «Қазсуашар» РМК бас директорының пайдалану және автоматизация жөніндегі орынбасары Ербол Салихбаев мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.
Министрлік өкілінің мәлімдеуінше, су қоймаларын күтіп ұстау - үлкен мәселе.
Сондай-ақ, спикер су саласы мамандарының жалақысы мәселесін көтерді.
Су саласы қызметкерлері - еліміздегі ең төмен жалақы алатындардың бірі. Сондықтан да проблеманы тариф арқылы шешпесек, басқа жолы жоқ. Мемлекеттен қаржы алмаймыз, қанша көлемде су жеткіземіз, соны ақысын шаруалардан жинап аламыз,- дейді ол.
Ербол Салихбаевтың дәйегінше, бүгінде су саласы мамандарының орташа жалақысы 90 мың теңгеден аспайды.
-->Қазақстанда су тарифі өзгеруі мүмкін. Аталған мәселе бойынша Экология министрлігі құзырлы органдарға ұсыныс әзірлеп жатыр. Бұл туралы «Қазсуашар» РМК бас директорының пайдалану және автоматизация жөніндегі орынбасары Ербол Салихбаев мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.
Бүгінде республикаға қарасты 3440 су каналы жүйелері бар. Шаруаларға су сол жүйелер арқылы жеткізіледі. Су каналы жүйелері кезінде коммуналдық меншікте болып, көбі қазіргі су тарифіне кірмеген. Яғни қазіргі тариф бойынша оларды күтіп ұстауға қаржы қарастырылмаған. Осы орайда биыл біз мемлекеттік құзырлы органдарға өз ұсынысымызды жолдаймыз. Келесі жылы әділетті су тарифі бекітіледі деп ойлаймыз,- деді Ербол Салихбаев «Қазгидромет» мекемесінде өткен баспасөз мәслихатында.