Былтыр елімізде 20 мыңнан аса интернет-алаяқтық қылмысы тіркелген
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің брифингісінде Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Арман Оразалиев мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.
Оның дерегінше, интернет-алаяқтық қылмыстары мына өңірлерде көп тіркелген:
- Астана - 4397 факті;
- Алматы - 2284 факті;
- Қарағанды облысы - 1786 факті;
- Шығыс Қазақстан облысы - 1309 факті.
-->
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің брифингісінде Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Арман Оразалиев мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.
Киберқылмыстардың басты ерекшелігі мен бар қиындығы – оның халықаралық байланыс желісі арқылы қашықтық талғамай, мемлекетаралық шекараларды «аттап» кететіндігінде болып тұр. Оның үстіне компьютерлік қылмыскерлер іс-әрекетке барарда аты-жөні мен жұмыс орнын, компаниясын бірнеше рет өзгертіп, мың түрлендіретін арнайы бағдарламалық жасақтамаларды қолданады. 2022 жылы жалпы ел бойынша 20 444 интернет-алаяқтық фактісі тіркелген. Жалпы бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 4%-ға төмен. Интернет қылмыстың үштен бірі онлайн-сауда кезінде жасалынады. Әдетте, алаяқтар әлеуметтік желіде, белгілі бір сайттарда алдын ала жарнамаларын орналастырады. Мұндай жарнамалардан азаматтарымызға өте сақ болу керек, - деді Арман Оразалиев.
Оның дерегінше, интернет-алаяқтық қылмыстары мына өңірлерде көп тіркелген:
- Астана - 4397 факті;
- Алматы - 2284 факті;
- Қарағанды облысы - 1786 факті;
- Шығыс Қазақстан облысы - 1309 факті.