Әлеумет

Қорғаныс министрлігінің департамент басшысы пара алды деген күдікке ілінді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлады Elorda.info.

Қорғаныс ведомствосының ақпараттандыру департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы бейнеконференцбайланыс жабдығын жеткізу мерзімдерін бұза отырып, қабылдау-тапсыру актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін жеткізушіден 20 000 АҚШ доллары сомасында пара алды деген күдікке ілінді.

Күдікті ұсталып, Астана қаласының тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда.

Тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жарияланбайды.

-->