Әлеумет

Енді NEET санатына көпбалалы және жалғызбасты аналар да кіреді

Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

-->

Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері негізінде NEET санатындағы жастардың деректер базасы қайта қалыптастырылды. Ол бойынша аталған санатқа жататындардың 4 тобы бар. Алдымен, жұмыссыз жастар. Яғни оқу орнын бітірген, бірақ жұмыссыз. Осы санатта бас бостандығынан айрылғандар мен мерзімді әскери қызмет өтеп, жұмыссыз жүрген жастар да бар. Екінші топ - еңбекке қабілетті, бірақ мүмкіндігі шектеулі жандар. Үшінші, белсенді емес жастар. Олар алкоголь мен есірткіге тәуелді немесе құмар. Созылмалы аурудан зардап шегіп оңалтудан өтіп жүрген жастар. NEET-тің соңғы санатына үй шаруашылығындағы жастар мен әйелдер, сондай-ақ көпбалалы және жалғыз басты аналар кіріп отыр,- деді Данияр Қадыров ОКҚ-де өткен брифингіде.