Еліміздегі жеңіл өнеркәсіп саласында өндіріс көлемі 6%-ға ұлғайды
2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда жеңіл өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 6%-ға артып, 178 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.
Айталық, тоқыма бұйымдарының өндірісі 5,3%-ға, киім өндірісі 7,8%-ға, сондай-ақ былғары және онымен байланысты өнімдердің көлемі 3,7%-ға өскен.
Қазір жеңіл өнеркәсіпті дамытуға айрықша басымдық берілген. Өйткені бұл саланың халықты жұмыспен қамтуда әсері жоғары болған соң әлеуметтік маңызы зор. Сол себепті жаңа жобаларға ерекше назар аударылып келеді. Мәселен, 2022 жылы жалпы құны 9,9 млрд теңгеге 6 инвестициялық жоба іске асырылып, өндіріс орындарында 560-тан астам жұмыс орны ашылды.
Мысалы, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан кілем және кілем бұйымдарын шығаратын «Бал текстиль» кәсіпорны 4-ші цехын іске қосып, 40-қа жуық адам жұмыспен қамтылды. Тартылған инвестицияның көлемі – 2,5 млрд теңге. Қазір аталған фабриканың өндірістік қуаты жылына 4 мың тонна полипропилен жібі мен 5 млн шаршы метрден астам кілем және кілем бұйымдарын шығаруға қауқарлы. Өндірісте 1,5 мыңнан артық ерекше дизайн түрлері, оның ішінде авангард, хай-тек, постмодерн және ұлттық стильдегі өрнектер қолданылып жүр. Фабриканың өнімдері TURAN, Хан-Тәңірі, Алатау, Bars, Сарыарқа, Ұлытау, Алаш, Отырар маркаларымен шығарылып, әлемдік деңгейдегі сапаға сәйкес келеді. Оған ISO 9001-2009 сәйкестік сертификаты дәлел.
Сонымен қатар, былтыр Ақтөбе тігін фабрикасы өндірісін кеңейтіп, 130 жұмыс орнын ашты. 2020 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан бұл компания сапалы әрі қолжетімді өнімдердің өндірісін жолға қойған. Қысқа уақытта кәсіпорын сенімді тауар өндіруші ретінде беделге ие болды. Өз кезегінде кәсіпорын шығарылатын өнімдердің сапалығына кепілдік береді. Өйткені дайын өнімдер көпдеңгейлі тексеруден өткізіліп тұрады. Өнім модельдерін әзірлеуге дизайнерлер, технологтар және тігіншілерден жасақталған білікті қызметкерлер қатысады.
Бұдан бөлек Azala Cotton фабрикасы аралас иірілген жіп өндірісін іске қосып, 200 жұмыс орнын құрды. Еске сала кетейік, аталған компания 2017 жылы құрылған болатын. Қазір онда шығарылатын дайын өнім Шығыс Еуропаға, Ресейге, Түркияға және Қытайға экспортталады.
Осы орайда елімізде жеңіл өнеркәсіпті дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған Жол картасы бекітілгенін айта кеткен орынды. Бұл құжат нормативтік құқықтық базаны жетілдіруді, шикізат базасын дамытып, өңдеу саласын жолға қоюды, мемлекеттік қолдау шаралары мен кадрлық қамтамасыз етуді, жеңіл өнеркәсіп тауарларын таңбалап, қадағалауды, сондай-ақ отандық өндірушілердің өндірістік қуатын арттыру мен инвестиция тартуды және әлемдік тәжірибені енгізу мен экспортты дамытуды көздейді.
-->2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда жеңіл өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 6%-ға артып, 178 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.