Зейнеткерлер БЖЗҚ-дағы жинақтарының 50%-ын ала ма
Зейнеткерлерге қордағы жинақтарының 50%-ын алуға болатыны туралы әлеуметтік желілерде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.
Айта кетейік, қордың сервистері туралы барлық ақпарат БЖЗҚ сайтында орналастырылған, барлық қызметтер Қор бөлімшелерінде не enpf.kz сайты немесе БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасы арқылы онлайн-форматта көрсетіледі.
-->Зейнеткерлерге қордағы жинақтарының 50%-ын алуға болатыны туралы әлеуметтік желілерде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.
Қазақстан Республикасының заңнамасында зейнеткерлердің тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалануы: егер зейнетақы мөлшері алушының орташа айлық табысын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен белгіленген 40 пайыздан төмен емес деңгейде алмастыру коэффициентін қамтамасыз етсе көзделген.
Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемі уәкілетті оператордан алғашқы электрондық хабарламаны алған күні салымшының (алушының) МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары мөлшерінің 50 пайызынан аспауға тиіс.
Осыған байланысты БЖЗҚ әлеуметтік желілерде және басқа да көздерде таратылып жүрген, жинақтардың 50%-ын алу мүмкіндігі туралы жалған хабарламаларды елемеуге кеңес береді. Оның үстіне, БЖЗҚ барлық операцияларды тегін жүргізеді, - делінген қор мәлімдемесінде.
Айта кетейік, қордың сервистері туралы барлық ақпарат БЖЗҚ сайтында орналастырылған, барлық қызметтер Қор бөлімшелерінде не enpf.kz сайты немесе БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасы арқылы онлайн-форматта көрсетіледі.