Тоқаевтың есімін пайдаланған 70 жарнама анықталған
Бас прокурор Берік Асылов елімізде азаматтарды жоғары табыс табуға уəде бере отырып түрлі инвестициялық бағдарламаларға, оның ішінде «Халықтық IPO» бағдарламасы бойынша тарту жағдайлары жиілеп кеткенін айтты, деп хабарлады Elorda.info.
2022 жылы барлығы 742 осындай іс тіркелді. Оның ішінде 93 жағдайда жəбірленушілер «ҚазМұнайГаз» жəне «Халық банк» (қалғандары: «Еңбек инвест», «Қазминералс», «Forex Freedom» жəне т.б.) атынан ұсынылған түрлі компанияларға инвестиция салған.
-->Бас прокурор Берік Асылов елімізде азаматтарды жоғары табыс табуға уəде бере отырып түрлі инвестициялық бағдарламаларға, оның ішінде «Халықтық IPO» бағдарламасы бойынша тарту жағдайлары жиілеп кеткенін айтты, деп хабарлады Elorda.info.
2022 жылы барлығы 742 осындай іс тіркелді. Оның ішінде 93 жағдайда жəбірленушілер «ҚазМұнайГаз» жəне «Халық банк» (қалғандары: «Еңбек инвест», «Қазминералс», «Forex Freedom» жəне т.б.) атынан ұсынылған түрлі компанияларға инвестиция салған.
Бұл ретте, мониторинг барысында ІІМ Мемлекет басшысының есімін пайдаланған 70 жарнаманы анықтады. Олар кейіннен қазақстандық пайдаланушылардың қол жеткізуіне тосқауыл қою үшін Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігінің «Кибернадзор» АЖ-ға енгізілді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, – деп жазылған Бас прокурордың Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауапта.