Әлеумет

Әблязовты елге экстрадициялай ма – Бас прокуратура түсінік берді

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Франциямен келісім және Мұхтар Әблязовті экстрадициялау туралы сауалдарға жауап берді, деп хабарлады Elorda.info.

Мәжіліс кулуарында журналистер Бас прокуратура өкілінен Мұхтар Әблязовті Франциядан Қазақстанға экстрадициялау мәселесі туралы сұрады.

Сондай-ақ ол Франциямен қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы келісімде экстрадициялау қарастырылмағанын айтты.

Оның айтуынша, Франция прокуратурасы өзінің және қазақстандық материалдар негізінде қылмыстық іс қозғаған.

-->

Әблязов бойынша Франция Республикасымен келісімге келген жоқпыз. Қазіргі уақытта біз өзара қарым-қатынас қағидаттары туралы француз шартын басшылыққа аламыз. Екі бағытта да міндеттеме жоқ. Біз өтінішімізді жібереміз, олар өзара принцип бойынша орындайды. Экстрадицияларға қатысты біз өзара келісімсіз сұрау жібере аламыз. Ал экстрадициялау немесе бермеу мәселесін Франция өзі қарастырады, - деп түсіндірді Бас прокурордың орынбасары.

Сондай-ақ ол Франциямен қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы келісімде экстрадициялау қарастырылмағанын айтты.

Бұл туралы депутаттар талқылау барысында айтты. Бұл шарт тапсыру және экстрадициялауды қарастырмайды. Ол заң көмегін көрсету, тергеу әрекеттерін жүргізу: жауап алу, тінту істеріне қатысты. Яғни, бұл келісім адамдарды қылмыстық қудалау үшін беруді қарастырмайды.
Мұны тек Әблязовқа ғана қатысты деп айтпас едім. Біз 29 мемлекетпен осындай келісімге қол қойдық. Бұл – әртүрлі елдер, соның ішінде еуропалық елдер де бар. Сол себепті бір адамға ғана қатысты әдейі жасап жатырмыз деп айтуға болмайды, - деді Әсет Шындалиев.

Оның айтуынша, Франция прокуратурасы өзінің және қазақстандық материалдар негізінде қылмыстық іс қозғаған.

Тергеу судьясы, өздеріңіз білетіндей, осы материалдарға сүйене отырып, Әблязовті сол кезде қамауға алу туралы шешім қабылдаған. Әблязов пен оның қорғаушылары тергеу сотының бұл шешімдеріне шағымданған. Сот қамауға алу туралы өтінішті жартылай, сөзбе-сөз бір сәтте қанағаттандырды. Бірақ Франция прокуратурасы бұл апелляциялық шешімге шағымданды, ол қазір қаралып жатыр. Әзірге жоғары органдар бұл туралы шешім қабылдаған жоқ, - деді Бас прокурордың орынбасары.