Шетелдік көліктерді заңдастырмаған жағдайда қандай жаза қолданылады
Бұл сұраққа Астана қаласы Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Елжан Чупеков жауап берді, деп хабарлады Elorda.info.
-->Бұл сұраққа Астана қаласы Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Елжан Чупеков жауап берді, деп хабарлады Elorda.info.
Шетелдік көліктерді заңдастыру – бірреттік акция. Ол биыл 23 қаңтарда басталып, 1 шілдеге дейін жалғасады. Шетелдік автомобильді талап бойынша тіркемеген жағдайда заңға сәйкес жауапкершілік қарастырылады. Еліміздегі шетелдік көліктердің дені сақтандыру полисі негізінде қолданылып жүр. Егер автомобильді белгіленген уақытта заңдастырмаған жағдайда сақтандыру полисі тоқтатылып, көлік коммуналдық автотұраққа қойылады, - деді Е.Чупеков.