Елімізде мал жаюға 8,9 млн гектар жайылым жетіспейді
Қазақстанда жеке қосалқы шаруашылықтарда жайылымға жайылатын 5,7 миллион мал бар. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.
Оқи отырыңыз: «Ауыл – ел бесігі»: биыл 1,5 мың жоба іске асырылады
Ауылдарда 2027 жылға дейін 40 мың жаңа жұмыс орны құрылады
Ауыл шаруашылығы министрі өз баяндамасында жеке қосалқы шаруашылықтардың малдарын жаю үшін қосымша 8,9 миллион гектар жайылым қажет екенін атап өтті.
-->Қазақстанда жеке қосалқы шаруашылықтарда жайылымға жайылатын 5,7 миллион мал бар. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.
Оқи отырыңыз: «Ауыл – ел бесігі»: биыл 1,5 мың жоба іске асырылады
Ауылдарда 2027 жылға дейін 40 мың жаңа жұмыс орны құрылады
Қазақстан Республикасының Жер балансына сәйкес, жайылымдық жерлер 183,4 миллион гектарды құрайды, оның ішінде 82,4 миллион гектар – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер, 63,9 миллион гектар – бос жатқан жерлер, 21,2 миллион гектар – елді мекендерге іргелес жерлер және 15,9 миллион гектар – басқа санатта (орман қоры, ерекше қорғалатын табиғат аумағы, өнеркәсіп жерлері), - деді Ербол Қарашөкеев.
Ауыл шаруашылығы министрі өз баяндамасында жеке қосалқы шаруашылықтардың малдарын жаю үшін қосымша 8,9 миллион гектар жайылым қажет екенін атап өтті.
Жайылымдық жердің жетіспеуі бұл көбінесе жеке қосалқы шаруашылықтарда ауыл шаруашылығы жануарлары санының айтарлықтай өсуіне байланысты. Мысалы, соңғы 10 жылда тек ірі қара мал басы 7,7 пайызға өсті. Ал Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары сияқты өңірлерде мал басының өсу қарқыны шамамен 16%-ды құрады. Республиканың 17 облысы ішінде жеке қосалқы шаруашылықтардың мал жаюы үшін 15 облыста, әсіресе Түркістан, Қызылорда, Алматы және Атырау облыстарында жайылым тапшылығы байқалады, - деді министр.