Еліміздің қай өңірінде кинотеатрға бару билеті арзан
Өткен жылдың желтоқсан айында Қазақстан қалаларындағы кинотеатрға бару билетінің орташа бағасы 1860 теңгені құрады, деп хабарлады Elorda.info.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ең қымбат билет Атырау қаласында – 2 683 теңге. Одан кейін орында Шымкент (2637 теңге) пен Түркістан (2598 теңге) қалалары тұр.
-->Өткен жылдың желтоқсан айында Қазақстан қалаларындағы кинотеатрға бару билетінің орташа бағасы 1860 теңгені құрады, деп хабарлады Elorda.info.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ең қымбат билет Атырау қаласында – 2 683 теңге. Одан кейін орында Шымкент (2637 теңге) пен Түркістан (2598 теңге) қалалары тұр.
Сондай-ақ, ең жоғары баға Ақтөбе, Өскемен және Көкшетау қалаларында тіркелді. Бұл өңірлерде кино билетінің орташа бағасы – 1900-2500 теңге аралығында. Басқа қалаларда баға 1350-1850 теңге айналасында. Ал ең арзан билет бағасы Тараз қаласында екені белгілі болды. Мұнда киносүйер қауым бір сеансқа орта есеппен 1 321 теңге жұмсайды, - делінген бюро хабарламасында.