Журналистің көлігін өртегендер ұсталды
Алматыда журналист Динара Егеубаеваның көлігін өртеді деген күдікке ілінген бес адам ұсталды, деп хабарлады Elorda.info.
Жедел бөлімше қызметкерлері бірнеше қылмысқа күдікті ретінде 2005, 2006 және 2007 жылы туған бес кәмелетке толмаған жасөспірімді қолға түсірген.
Күдіктілердің берген жауабына сәйкес, екі "тапсырыс" та оларға интернет арқылы белгісіз адамнан түскен.
Сондай-ақ тапсырыс беруші "жұмыс" үшін оларға интернет арқылы ақысын төлеген.
Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты бұлтартпау шараларын таңдау туралы мәселе шешілуде. Тергеу жалғасуда.
Сонымен қатар тапсырыс берушінің тұлғасын анықтау мен оны қолға түсіруге бағытталған шұғыл іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр.
Барлық фактілер бойынша белгілі болған ақпараттар тергеу толық аяқталған соң жария етілетіні айтылды.
Тергеу барысын ІІМ мен Алматы қаласы ПД басшылығы бақылауға алды.
-->Алматыда журналист Динара Егеубаеваның көлігін өртеді деген күдікке ілінген бес адам ұсталды, деп хабарлады Elorda.info.