Қазақстанда жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыратын бағдарлама ұсынылды (ВИДЕО)
Amanat партиясы Орталық аппаратының кеңсесінде Қазақстан жолдарындағы жарақаттану мен мүгедектікті азайтуға бағытталған Vision Zero жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру тұжырымдамасының тұсаукесері өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Қазақстанда жыл сайын орта есеппен 16 мың жол-көлік оқиғалары (ЖКО) орын алады, онда орта есеппен 2000 адам қаза табады, 18 мың адам әртүрлі дәрежедегі жарақаттар алады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша ЖКО салдарынан өлім-жітім 100 мың тұрғынға шаққанда 12,2 адамды құрайды. Салыстыру үшін Польшада бұл көрсеткіш – 5,9, Германияда – 3,1, Швецияда – 1,9 адам.
ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің деректері бойынша, елімізде 2022 жылдың 9 айында ғана 10,2 мыңға жуық апат орын алып, нәтижесінде 15 мыңнан астам адам зардап шекті. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ЖКО-ның өсуі 8,9%-ын құрады. 1,7 мың адам қайтыс болды (21%-ға өсті), оның 181-і кәмелетке толмаған балалар, 457 әйел және 1 258 ер адам.
ЖКО зардап шеккендер арасындағы кәмелетке толмағандардың үлесі 19,9% (3 007) құрайды. Олар негізінен автокөлік құралдарының соқтығысуынан зардап шекті.
Сонымен қатар, 542 қоғамдық көліктің қақтығысуымен 532 ЖКО орын алған, 70 адам қаза тауып, 783 адам жараланды.
«Азия даму банкінің» зерттеуіне сәйкес Қазақстанда ЖКО-нан жинақталған залал бір адам қайтыс болған жағдайда 113 млн теңгені және жарақат алған кезде 16 млн теңгені құрайды.
Сарапшылардың пікірінше, Қазақстандағы жағдайды өзгерту үшін жол қауіпсіздігін арттыру бойынша түбегейлі шаралар қабылдау қажет. Атап айтқанда, Қазақстанда Vision Zero бағдарламасын қабылдау және енгізу ұсынылды, оның ішінде аса авариялық учаскелердегі жылдамдық режимін төмендету, көшелердің дизайны мен геометриясын өзгерту, қауіпсіздік аралдарын салу, қоғамдық көлік жүргізушілерін даярлау тәсілдерін өзгерту, трафикті тыныштандыру жөніндегі іс-шаралар және тағы басқалар.
Іс-шараға жол қауіпсіздігі саласындағы сарапшылар, мемлекеттік органдардың өкілдері, урбанистер, сәулетшілер, журналистер мен блогерлер қатысты.
Айта кетейік, Vision Zero – бұл жолда өлім-жітімді азайту тұжырымдамасы. Vision Zero бағдарламасы алғаш рет 1997 жылы Швецияда әзірленді және содан бері үнемі жетілдіріліп келеді. Швецияда жол-көлік оқиғаларының салдарынан болатын өлім-жітім 1997 жылы 100 мың адамға шаққанда 7 адамнан 2001 жылы 1,9 адамға дейін қысқарды. Бүгінгі таңда бағдарлама Лондон, Вашингтон, Торонто, Чикаго және т.б. сияқты қалаларда жұмыс істейді. 2020 жылдың қыркүйегінде БҰҰ Бас ассамблеясы «Жол қозғалысының жаһандық қауіпсіздігін арттыру» туралы қарар қабылдады.
Бағдарламаның негізгі қағидаcы – адам өлімімен аяқталатын жол апатына жол бермеу.
Жоба Қазақстан БҰҰ ДБ мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатыр.
-->Amanat партиясы Орталық аппаратының кеңсесінде Қазақстан жолдарындағы жарақаттану мен мүгедектікті азайтуға бағытталған Vision Zero жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру тұжырымдамасының тұсаукесері өтті, деп хабарлады Elorda.info.