Әлеумет

Еліміздегі жастар саны қаншаға жетті

Елімізде 35 жасқа дейінгі санаттағы жастар саны 6 миллионға дейін көбейді. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

-->

Елімізде 35 жасқа дейінгі санаттағы жастар саны 6 миллионға дейін көбейді. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Мемлекет басшысының 2019 жылы берген тапсырмасы бойынша таяуда мемлекеттік жастар саясаты туралы заң қабылданды. Заңға сәйкес, жастар санаты 35-ке дейін ұлғайды. Осылайша, еліміздегі осы санаттағы азаматтар саны 6 миллионға дейін көбейді. Енді салада ауқымды істер атқарылып, заң игілігін барша жастарымыз көреді деген сенімдеміз, - деді Д. Қыдырәлі министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.