Әлеумет

Былтыр 35 мыңға жуық бозбала әскер қатарына алынған

2022 жылы 35 мыңға жуық бозбала әскерге алынды, деп хабарлады Elorda.info Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Қорғаныс ведомствосында 2022 жылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудың нәтижелері қаралып, биылғы жылдың негізгі міндеттерін айқындауға арналған кеңес өтті.

Қарулы күштер Бас штабының бастығы, генерал-лейтенант Марат Құсайынов жалпы әскерге шақыру міндеттері орындалғанын және шақыру науқаны ұйымдасқан түрде өткенін алға тартты. 2022 жылы 35 мыңға жуық жас Қарулы күштер, Мемлекеттік күзет қызметі, Шекара қызметі, Ұлттық ұлан, Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелерінің қатарын толықтырды. Қазір олар әскери істің қыр-сырын үйреніп, Отан алдында борышын лайықты атқарып жүр.

Өткен жылы Қарулы күштердің қоғамдық ұйымдармен, оның ішінде жинау пунктері мен әскери бөлімдерге бару мүмкіндігі бар өкілдермен, сарбаздар аналарының комитетімен өзара іс-қимыл жолға қойылған. Бұл сарбаздардың туыстары мен жақындарына, олардың әскерге шақырылуынан бастап, әскери ұжымдарда ереже мен тәртіптің бар екендігіне жеке көз жеткізуге, сондай-ақ Қазақстан әскерінің ахуалы жайлы теріс болжамдар мен деструктивті қауесеттердің алдын алуға мүмкіндік берді.

Әскерге шақыруды ұйымдастырудың өзекті мәселелері талқыланды. Жетілдіруді және бірлескен жүйелі жұмысты қажет ететін аспектілерге ерекше назар аударылмақ. Атап айтқанда, бұл – әскерге шақырылушылардың денсаулығын оларды спорттық және әскери-патриоттық қызметке тарту арқылы мектеп кезінен бастап нығайту.

-->

Жыл сайын Отан алдында өздерінің конституциялық міндеттерін орындайтын мыңдаған өрендер әскерге шақыру комиссияларынан өтеді. Ал, әскери есепке алу процестерін цифрландыру, Қорғаныс министрлігінің eGov.kz платформасы арқылы қызметтер көрсетуі шақыру науқаны барысында артық бюрократияны, қағазбастылықты қысқартуға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік берді, - деді генерал-лейтенант Марат Құсайынов.