Әлеумет

Елімізде балалар үйі балаларды қолдау орталығы болып қайта құрылады

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев елімізде балалар үйінің қызметі қайта қаралып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Министрдің сөзінше, Қазақстанда жетімдер үйі балаларды қолдау орталығы болып құрылады. 

-->

Кәсіби патронаттық отбасының артықшылығы – жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды балалар үйіне емес, бірден патронаттық отбасына беру мүмкіндігі. Бұған дейін жетімдер алдымен балалар үйінде тіркеліп, содан соң ғана асырап алу мәселесі қаралды. Енді жаңа заң бойынша баланы кәсіби патронаттық отбасыға тікелей беруге болады. Яғни бала отбасының жылуын сезініп өседі. Дегенмен бұл елімізде балалар үйі жабылады деген сөз емес. Дұрысырақ айтқанда, балаларды қолдау орталығы болып қайта құрылады,- деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысынан кейін.