Үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік гранттар беру конкурсы басталды
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы 2023 жылға арналған ҮЕҰ үшін мемлекеттік гранттар беруге конкурс жариялады, деп хабарлады Elorda.info.
Конкурс 47 мемлекеттік грантты іске асыруға, оның ішінде 22 – қысқа мерзімді, 16 – орта мерзімді және 9 ұзақ мерзімді жоба 6 сала бойынша жарияланды:
1) халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау;
2) азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу;
3) азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау;
4) қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту;
5) жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау;
6) отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу.
Барлық өтінімдер grants@cisc.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады. Сондай-ақ, операторға өтінімді, құжаттарды қолма-қол тапсыруға болады.
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының кеңсесі Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5, 5-қабат, 504/3 кабинетте орналасқан.
Қысқа мерзімді және орта мерзімді гранттарға өтінімдер операторға 12 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Астана уақыты бойынша 18.30-ға дейін, ұзақ мерзімді гранттарға 12 қаңтар мен 15 ақпан аралығында Астана уақыты бойынша 18.30-ға дейін енгізіледі.
Барлық сұрақтар бойынша орталық менеджерлеріне 8 (7172) 79-08-04, 79-08-28, 79-08-07 нөмірлері арқылы хабарласа аласыз. Байқау туралы толығырақ мына сілтеме бойынша біле аласыз.
-->Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы 2023 жылға арналған ҮЕҰ үшін мемлекеттік гранттар беруге конкурс жариялады, деп хабарлады Elorda.info.