Әлеумет

Елімізде әйелдердің жұмыссыздық деңгейі артып келеді

Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі бір жылда өзгерген жоқ, 2022 жылдың үшінші тоқсанында 4,9%-ды құрады, деп хабарлады Elorda.info Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Өңірлік бөліністе 2022 жылдың үшінші тоқсанында жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі Түркістан және Маңғыстау облыстарында байқалды. Ел бойынша орташа деңгейден Алматы мен Шымкентте, сондай-ақ Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында жұмыссыздық деңгейі жоғары болды.

Ал жұмыссыздықтың ең төмен деңгейі Ұлытау облысында байқалды. Одан кейін Қарағанды облысы және Астана қаласы. Жұмыссыз адамдар ауылға қарағанда қалада көп.

Гендерлік тұрғыдан алғанда, әйелдердің жұмыссыздық деңгейі ерлер деңгейінен едәуір жоғары, Бір жыл бұрын әйелдердің жұмыссыздық деңгейі 5,5%-ды, ал ерлер деңгейі 4,3%-ды құрады.

Елімізде жұмыссыз әйелдер саны бір жылда бірден 4,3%-ға өсіп, 2022 жылдың үшінші тоқсанында 257,4 мың адамға жетті, ал жұмыссыз ерлер саны 5,5%-ға, 192,9 мың адамға дейін қысқарды.

-->