Елімізде қоғамдық орында балағат сөз айтқандарға қанша айыппұл салынады
ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Азамат Құрымбаев енді қоғамдық орындарда балағат сөздер айтқандар қандай жауапкершілікке тартылатынын айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Оның айтуынша, жаңа айыппұлдар экологиялық құқықбұзушылықтар мен қоғамдық орындардағы вандализм үшін жауапкершілікті күшейту туралы заңдағы түзетулерде қарастырылғанын атап өтті.
Оның айтуынша, заңнамалық түзетулер ресми жарияланған күннен бастап 60 күн ішінде күшіне енеді.
Еске салайық, 3 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне экологиялық құқықбұзушылықтар мен вандализм көріністері үшін жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне экологиялық құқық бұзушылықтар мен вандализм көріністері үшін жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойған болатын.
-->ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Азамат Құрымбаев енді қоғамдық орындарда балағат сөздер айтқандар қандай жауапкершілікке тартылатынын айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Оның айтуынша, жаңа айыппұлдар экологиялық құқықбұзушылықтар мен қоғамдық орындардағы вандализм үшін жауапкершілікті күшейту туралы заңдағы түзетулерде қарастырылғанын атап өтті.
Жаңа редакцияда қоғамдық орындарда әдепсіз сөздер айту, жеке тұлғаларды балағаттау, ғимараттарды, құрылыстарды, тұрғын үй-жайларды, қоғамдық орындарды, көліктегі және қоғамдық орындардағы мүлікті қасақана бүлдіру бұзақылық ретінде қарастырылады.
Қазіргі уақытта сот ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 5 АЕК, яғни 17 250 теңге айыппұл немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу түрінде жаза тағайындап жүр. Жаңа редакцияда айыппұл мөлшері 20 АЕК, яғни 69 мың теңге болады немесе 5 күннен 30 тәулікке дейін қамауға алынады, - деді Азамат Құрымбаев.