Қаңтар оқиғасын әрдайым санада сақтап, одан сабақ алуға тиіспіз – Мәулен Әшімбаев
Қасіретті қаңтар оқиғасына бір жыл толып отыр. Елдігімізге қауіп төндірген бұл оқиға тарихымыздың қайғылы парағы ретінде жазылды. Бұл пікірді Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев білдірді, деп хабарлады Elorda.info.
Сенат спикерінің айтуынша, қазіргі таңда әділеттілік қағидасын өмірдің барлық саласына енгізу үшін табанды жұмыс жүргізіліп жатыр.
-->

Сол кезде шеруге шыққан халықты өз мүдделеріне пайдаланғысы келген қылмысты топтың мақсаты қандай болғаны қазір анықталып жатыр. Олар арандату арқылы ел іргесіне сызат түсіріп, жымысқы әрекеттерін іске асыруды көздеді.
Алайда, елдің бірлігі мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың батыл шешімдерінің арқасында біз бұл сын-қатерді еңсеріп, кешенді реформаларды қолға алдық. Соның аясында халықтың әділеттілікке деген талабы мемлекеттік саясаттың негізгі тірегіне айналды, – деп жазды М. Әшімбаев өзінің facebook-парақшасында.
Сенат спикерінің айтуынша, қазіргі таңда әділеттілік қағидасын өмірдің барлық саласына енгізу үшін табанды жұмыс жүргізіліп жатыр.
Осы ортақ мақсатты іске асыруда бізге ұлт болып ұйысу қажет. Бұл – мемлекеттілікті нығайту және қасіретті күндердің қайталанбауы үшін аса маңызды міндет.
Шын мәнінде, біз осы оқиғаны әрдайым санада сақтап, одан сабақ алуға тиіспіз. Қаңтарда қаза болғандардың рухына тағзым ету – біздің азаматтық парызымыз. Бұл – еңселі елдіктің және бекем бірліктің белгісі. Енді тарихымызда мұндай қайғылы оқиғалар ешқашан қайталанбасын, – деді ол.