Енді декларацияны «E-gov» порталында тапсыруға болады
Жалпыға бірдей декларациялау аясында салық декларациясын тапсыру үшін жаңа функционал іске қосылды, деп хабарлады Elorda.info Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.
«Электрондық үкімет» порталында «Кеден және салықтар», «Салық салу» бөлімінде кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) электронды түрде ұсыну бойынша функционал іске қосылды.
Салық кодексінің 633-бабына сәйкес кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) Салық кодекстің 630-бабының 1-тармағында аталған жеке тұлғалар жыл сайын, активтер мен міндеттемелер туралы декларация (250.00-нысан) ұсынылатын жылдан кейінгі жылдан бастап есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша ұсынады.
Биыл аталған декларацияны 2021 жылы, яғни бірінші кезеңде, декларациялау жүйесіне кірген тұлғалар тапсырады.
Декларацияны қағаз түрінде 15 шілдеге дейін, ал электронды түрде 15 қыркүйекке дейін тапсыру керек.
Декларацияны электронды түрде «Салық төлеушінің кабинеті» (kgd.gov.kz) және «e-Salyq Аzamat» мобильді қосымшасы арқылы да тапсыруға болады.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) да Е-gov.kz порталы арқылы тапсыруға болады. Оны биыл мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының қызметкерлері мен олардың жұбайлары ұсынуы қажет.
-->Жалпыға бірдей декларациялау аясында салық декларациясын тапсыру үшін жаңа функционал іске қосылды, деп хабарлады Elorda.info Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.