Қарулы күштердің 800-ден астам жас сарбазы ант берді
Гвардейск гарнизондағы Құрлық әскерлерінің оқу орталығында және елордалық десанттық-шабуылдау бригадасында ант қабылдау рәсімдері өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Іс-шараларға әскери қызметшілер, жергілікті атқарушы органдар өкілдері, Қарулы күштер ардагерлері, сарбаздардың ата-аналары мен жақын туыстары қатысты.
Астанада салтанатты рәсім Бауыржан Момышұлы атындағы саябақта өтті. Іс-шара аты аңызға айналған қолбасшының туғанына 112 жыл толуына орай ескерткішке гүл шоқтарын қоюдан басталды.
Орталық әскери оркестрдің музыкалық сүйемелдеуімен ант қабылдағаннан кейін десантшылар салтанатты шерумен өтті.
Айта кету керек, Қорғаныс министрлігі армияда жастардың еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға ие болуы үшін жағдай жасап келеді. Осылайша, Гвардейск гарнизонындағы Құрлық әскерлерінің оқу орталығы 13 мамандық бойынша дайындықты жүзеге асырады. Олардың ішінде жол және жер қазу машиналарының жүргізушілері, далалық сумен жабдықтау мамандары, экскаваторшы, топогеодезист-есептегіштері бар.
Интерактивті оқыту құралдарымен және компьютерлік тренажерлармен жабдықталған оқу орталығының оқу-материалдық базасы оқу процесінде берік білім беруге және қажетті дағдыларды пысықтауға мүмкіндік береді. Бұған оқу сыныптарына, казармаға, асханаға және спорт залына баратын экскурсия ұйымдастырылған іс-шараға қатысушылар көз жеткізе алды.
Оқу орталығында алты айлық оқудан кейін әскери қызметшілер алған әскери-есептік мамандығына сәйкес әскери бөлімдерге жіберілетін болады.
-->Гвардейск гарнизондағы Құрлық әскерлерінің оқу орталығында және елордалық десанттық-шабуылдау бригадасында ант қабылдау рәсімдері өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Іс-шараларға әскери қызметшілер, жергілікті атқарушы органдар өкілдері, Қарулы күштер ардагерлері, сарбаздардың ата-аналары мен жақын туыстары қатысты.
Астанада салтанатты рәсім Бауыржан Момышұлы атындағы саябақта өтті. Іс-шара аты аңызға айналған қолбасшының туғанына 112 жыл толуына орай ескерткішке гүл шоқтарын қоюдан басталды.
Сіздерді бүгінгі айтулы оқиғамен құттықтаймын! Бауыржан Момышұлының туған күнінде ант қабылдағандарыңыздың астында үлкен мән жатыр. Қазақ халқының даңқты ұлының өмір жолы – Отанға лайықты қызмет етудің үлгісі, – деп атап өтті Қарулы күштердің ардагері, Халық қаһарманы, отставкадағы генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев.
Орталық әскери оркестрдің музыкалық сүйемелдеуімен ант қабылдағаннан кейін десантшылар салтанатты шерумен өтті.
Бір айдың ішінде әскердегі тәртіпке үйреніп кеттім. Бүгінгі күн есімде мәңгіге қалатыны анық. Десанттық-шабуылдау әскерлерінде қызмет атқарғанымды мақтан тұтамын. Әскерде қазмет атқару мен үшін өзімді тексеруге және жаңа тәжірибе жинауға мүмкіндік береді, – деді Ақмола облысынан келген қатардағы жауынгер Сұлтан Аманжолов.
Айта кету керек, Қорғаныс министрлігі армияда жастардың еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға ие болуы үшін жағдай жасап келеді. Осылайша, Гвардейск гарнизонындағы Құрлық әскерлерінің оқу орталығы 13 мамандық бойынша дайындықты жүзеге асырады. Олардың ішінде жол және жер қазу машиналарының жүргізушілері, далалық сумен жабдықтау мамандары, экскаваторшы, топогеодезист-есептегіштері бар.
Әскер мектебі – өз отбасың мен еліңнің қорғаушысы болуға міндетті әрбір ер адамның қалыптасуының маңызды кезеңі болып табылады. Әскер сізге кейін өмірлік таңдау туралы шешім қабылдауға көмектеседі. Сіздердің болашақта өз тағдырларыңызды армиямен байланыстырғысы келетінін жоққа шығармаймын. Кез келген жағдайда бұл тәжірибе сіздерге пайдалы болады, – деді оқу орталығының бастығы полковник Сәбит Үркінбаев.