Әлеумет

Тағылымдық мәні зор мемориал – Кәрімбек Құрманәлиев

 

 

-->

Келешегі кемел Жаңа Қазақстан ұрпақтарына айтары бар «Тағзым» атты тарихи мәні зор мемориал Алматы қаласында ашылды. Ескерткіштің салтанатты ашылуында сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ескерткіштің мағынасы терең, маңызы өте зор екеніне, мұнда Қазақ елінің мемлекеттігін нығайту жолындағы қилы кезеңдер көрініс тапқанына кеңінен тоқталып, «Тас тұғырларға әйгілі тұлғаларымыздың өлеңдері және өсиеттері жазылған. Ұлтты ұйыстыратын осы сөздер әрқайсымызға ой салады. Бұл мемориалды қаңтарда қаза болған азаматтардың рухына тағзым ретінде тұрғыздық. Сондай-ақ, оны кейінгі ұрпаққа тағылым болсын деп орнаттық» деп атап өтті. Шынында да, тағылымға толы тұғырлы тұлғаларымыздың өсиет сөздері Жаңа Қазақстанның жас құрылысшыларына ой саларына сенім мол, – деді Ұлттық құрылтай мүшесі Кәрімбек Құрманәлиев.