Әлеумет

Соңғы 10 жылда Астанада халық саны 60 пайызға өскен

Сенаттың жалпы отырысында «Агломерацияларды дамыту туралы» Заңы мен ілеспе құжат қабылданды, деп хабарлады Elorda.info.

Inbusiness.kz жазуынша, құжатты  Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров таныстырды.

Министрдің сөзінше, соңғы 10 жылда Астана халқының саны 59 %-ға, Алматыда  37%-ға, Шымкентте 67 %-ға өскен. Осыған байланысты қала аумақтары да ұлғайған.

Нәтижесінде қала және оған іргелес аудандардың экономикалық дамуында теңсіздіктер пайда болған. 

Министрдің сөзінше, ірі қалаларда халық санымен  қатар жер аумағы да өскен. Бұл бірқатар проблемаларды тудырып отыр.

-->

Бұған ықпал ететін негізгі фактор ірі қалалар мен оларға іргелес аумақтарда халық санының бақылаусыз өсуі. Мәселен соңғы 10 жылда Астана қаласының халқы 59 %-ға, ал Алматыда халық саны 37 %-ға, Шымкентте 67%-ға өсті, - деді Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

Министрдің сөзінше, ірі қалаларда халық санымен  қатар жер аумағы да өскен. Бұл бірқатар проблемаларды тудырып отыр.

Астана елорда болғалы жер аумағы үш есе, Алматы қаласының аумағы соңғы 10 жылда 2,5 есе, ал Шымкенттің аумағы 3,5 есе өсті. Нәтижесінде инфрақұрылымның барлық түрлеріне жүктеменің артуы,  қаланың шеткі аймақтарында құрылыстың салынуы, жоспарлау жобаларының болмауы немесе дұрыс іске аспауы байқалды, - деді Әлібек Қуантыров.