Әлеумет

2023 жылы елордада автотұрақ құны өзгере ме

Ақылы тұрақ қызметтерінің тариф мөлшері мен есептеу әдістемесі Астана қаласы әкімдігінің қаулысымен бекітілген. Жаңа жылда төлем сомасы өзгеріссіз қалады -сағатына 100 теңге, деп хабарлады Elorda.info «Парковочное пространство Астаны» ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқи отырыңыз: Астанада жыл соңына дейін тағы 600-ге жуық ақылы тұрақ іске қосылады

Ақылы автотұрақтардың нақты орналасқан жері және олардың саны әкімдік қаулысымен және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартымен шектелген.

Айта кетейік, елордада алғашқы ақылы автотұрақтар 2018 жылғы қаңтарда жұмыс істей бастады. Ақылы учаскелерді енгізу жұмыс күні ішінде бос орындар санын арттырады, бос тұрақ орнын іздеу орташа уақытын азайтады, әр тұрақ орнының айналымын арттырады.

Мүгедектер мен азаматтардың жеңілдетілген санаттары үшін көлікті қоятын орын тегін. Сондай-ақ, полиция, жедел медициналық жәрдем, өрт сөндіру қызметі сияқты шұғыл жедел қызметтердің көлік құралдары да тұраққа тегін қою құқығына ие.

-->

Елордада ақылы тұрақ құны аумақтық аймаққа байланысты емес. ТМД елдерімен салыстырғанда, ақылы тұрақ үшін 100 теңге мөлшеріндегі тариф – ең төмен тарифтер рейтингіне кіреді. Бұл әлемдегі ең қолайлы көрсеткіштердің бірі, - деп мәлімдеді «Парковочное пространство Астаны» ЖШС баспасөз қызметі.