Қазақстандықтар онлайн саудаға тоғыз айда 3,8 млрд теңге жұмсаған
Қазақстанда онлайн сатып алынған тауарлар көлемі артты. Биыл тоғыз айда онлайн-тәсілмен 3,8 миллиард теңгеге төлем транзакциясы жүргізілді. Бұл 2021 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 33,7%-ға артық, деп хабарлады Elorda.info.
Мониторингтік компанияның мәліметі бойынша, қазақстандықтар интернет арқылы жиһаз, электроника, тұрмыстық техника, киім-кешек, үй және тұрмыстық тауарлар мен азық-түлік те сатып алады.
Мәселен, онлайн саудада ең көп сатылатын киім мен спорттық тауарлардың үлесі - 63,6%-ды құраса, ал екінші орында - азық-түлік өнімдері (48,4%).
Сонымен қатар, дәрі, косметика, үйде пайдалануға арналған тауарлар, кітап, журнал, газет, фильм, музыка да онлайн саудада жиі сатылады.
Сарапшылар былтыр 4 миллиардтан астам транзакция жасалғанын атап өтті. Олар биыл қарашаның «жомарт жұмасын» және алдағы мерекелерді ескере отырып, транзакция саны одан да артуы мүмкін деп болжап отыр.
-->Қазақстанда онлайн сатып алынған тауарлар көлемі артты. Биыл тоғыз айда онлайн-тәсілмен 3,8 миллиард теңгеге төлем транзакциясы жүргізілді. Бұл 2021 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 33,7%-ға артық, деп хабарлады Elorda.info.