Орталық Азия елдеріндегі ең жылдам мобильді интернет – Қазақстанда
International Telecommunication Union (ITU) мәліметтерінше, Орталық Азияның басқа елдерімен салыстырғанда ең қолжетімді мобильді интернет Қазақстанда болып шықты. Мысалы, 2021 жылы еліміздегі тариф бойынша ұялы байланыс шығындары жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табыстың 1,04%-ын құрады. Қырғызстанда бұл көрсеткіш 3,11%-ды құраған, деп хабарлады Elorda.info finprom.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандағыдай ұялы байланыс шығындарының деңгейі Өзбекстан (жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табыстың 1,14%-ы) мен Түрікменстанда (1,17%) тіркелген. Алайда бұл елдерде мобильді интернеттің жылдамдығы Қазақстанға қарағанда әлдеқайда төмен.
Ресурстың мәліметі бойынша, елімізде мұндай тарифтің құны айына 2021 жылы орташа есеппен 6,89 долларды құрады (2,9 мың теңге). Бұл ел азаматтарының шығындарының 4,4%-ын ғана алады. Ал «РИА Новости» деректеріне сәйкес, еліміздегі үй шаруашылықтары шығындарының 53%-ы тамаққа кетеді.
Дүниежүзілік банктің дерегінше, 2021 жылы еліміздегі жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табыс 8720 долларды құрады.
Жалпы әлем бойынша бұл көрсеткіш 12070 долларды құрады.
Қазақстанда мобильді интернеттің орташа жылдамдығы осы жылдың қазан айында 22,41 Мбит/с-қа дейін артты.
Жалпы әлем бойынша мобильді интернеттің орташа жылдамдығы бір жыл ішінде 28,54 Мбит/с-тан 33,43 Мбит/с-қа дейін өсті.
-->International Telecommunication Union (ITU) мәліметтерінше, Орталық Азияның басқа елдерімен салыстырғанда ең қолжетімді мобильді интернет Қазақстанда болып шықты. Мысалы, 2021 жылы еліміздегі тариф бойынша ұялы байланыс шығындары жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табыстың 1,04%-ын құрады. Қырғызстанда бұл көрсеткіш 3,11%-ды құраған, деп хабарлады Elorda.info finprom.kz сайтына сілтеме жасап.