Қаңтар оқиғасында қаза тапқандардың отбасыларына материалдық көмек көрсетілді
Жаппай тәртіпсіздік азаматтар мен қызметкерлер арасында қаза тапқандарға әкеліп соқты. Заңнама мұндай қылмыстардан зардап шеккендерге мемлекеттік бюджет есебінен өтемақы төлеуге кепілдік береді. Қазіргі таңда қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккендерге мемлекет тарапынан 14,6 млрд теңге төленді. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ІІМ Тергеу департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Дүйсенбаев айтты, деп хабарлады Elorda.info.
-->Жаппай тәртіпсіздік азаматтар мен қызметкерлер арасында қаза тапқандарға әкеліп соқты. Заңнама мұндай қылмыстардан зардап шеккендерге мемлекеттік бюджет есебінен өтемақы төлеуге кепілдік береді. Қазіргі таңда қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккендерге мемлекет тарапынан 14,6 млрд теңге төленді. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ІІМ Тергеу департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Дүйсенбаев айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Сонымен қатар құрбан болғандардың, осал топтарға жататындардың отбасыларына тергеу нәтижелеріне қарамастан гуманитарлық төлемдерді төлеу туралы шешімі қабылданды. «Қазақстан халқына» қоры 91 қаза тапқандардың отбасыларына 637 млн теңге материалдық көмек көрсетті. Сондай-ақ мемлекет тарапынан күштік құрылымның қаза тапқан барлық қызметкерлерінің отбасыларына материалдық жәрдем берілді», - деді полковник.