Әлеумет

Елдегі әскери полиция органдарының өкілеттігі кеңейеді

Мәжілістің жалпы отырысында «Әскери полиция органдары туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қабылданды, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстанның қауіпсіздігіне әсер ететін ішкі және сыртқы факторларға байланысты әскери полицияның өкілеттіктерін кеңейту жоспарлануда.

Жалпы отырыста заң жобасын Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов таныстырды.

Заң жобасы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Ұлттық ұланның әскери полиция органдарының мәртебесін, құзыретін, қызметін ұйымдастыруды және тәртібін айқындауға бағытталған. Заң жобасында әскери полицияға әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыруды ведомстволық бақылау функциясын беру де қарастырылған. Әскери полиция қызметкерлерін әлеуметтік-құқықтық қорғау және кадр мәселесі бойынша толықтырулар енгізілуде, әскери полиция органдарының мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, лауазымды тұлғалармен өзара іс-қимылы және ынтымақтастығы тарауы кеңейтілді.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери полиция органдарының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және бірқатар заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. «Қорғаныс және Қарулы Күштер туралы» заңға Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне әскери жоспарлау жүйесін бекіту және дамыту өкілеттіктерін беру мақсатында өзгерістер енгізілуде.

Заң жобасын Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдады.

-->

Бірыңғай қолдану және түсіндіру үшін «қызметкер» термині «әскери қызметші» терминімен ауыстырылды. Әскери полицияның саяси партиялардың қызметіне тәуелсіздік принципі қосылды. Қару мен арнайы физикалық әсер ету құралдарын қолдану реттелді, – деді Сұлтан Камалетдинов.