Елімізде неке сақиналары бір жылда 38 пайызға қымбаттады
Биыл қаңтар–қазан айларында зергерлік және ұқсас бұйымдар өндірісі 1,15 млрд теңгені құрады. Бұл ретте сектордағы өнім нақты мәнде 3,2% -ға қысқарды, деп хабарлады Elorda.info Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.
Биыл зергерлік бұйымдардың бағасы айтарлықтай өсті. Қарашада алтын неке сақиналары өткен жылмен салыстырғанда 37,6%-ға қымбаттады
Қымбатшылық Солтүстік Қазақстан облысында байқалды: мұнда алтын сақиналар бір жылда 71,6%-ға қымбаттады. Одан кейінгі орында Жетісу және Алматы облыстары: тиісінше 68,3% және 66,6%. Сондай-ақ Астанада (51,5%), Шығыс Қазақстан облысында (49,9%), Алматыда (48,5%) және Ақмола облысында (44,9%) айтарлықтай өсім байқалды.
Бағаның ең аз өсуі Атырау (3,7%), Батыс Қазақстан (10,7%) және Қызылорда (11%) облыстарында байқалды.
Жыл басынан бері алтын неке жүзіктері 37,2%-ға қымбаттады.
Әрине, алтын неке сақинаның күрт қымбаттауы некелесуге кедергі келтіруі екіталай. Бірақ енді қыз бен жігіт кездесіп жүрген кездегі шығын көбейеді. Өйткені биылғы қараша айының қорытындысы бойынша, мысалы, раушан гүлдері (70 см) бір жылда 18%-ға, мейрамханадағы түскі ас 19%-ға, шарап 15,3%-ға, шоколад 23,4%-ға қымбаттаған.
-->Биыл қаңтар–қазан айларында зергерлік және ұқсас бұйымдар өндірісі 1,15 млрд теңгені құрады. Бұл ретте сектордағы өнім нақты мәнде 3,2% -ға қысқарды, деп хабарлады Elorda.info Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.