Әлеумет

Елімізде шаштараз бен сұлулық салоны қызметтері қанша пайызға қымбаттады

Осы жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында шаштараздар мен сұлулық салондары 24,4 млрд теңгеге қызмет көрсетті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

2021 жылдың қараша айымен салыстырғанда шаштараздар мен сұлулық салоны қызметтерінің бағасы жылдық мәнде 17%-ға артты.

Қараша айында елімізде әйелдердің шаш қию қызметінің орташа бағасы 2 744 теңгені құрады. Республика бойынша бұл қызмет түрі Астанада қымбат тұрса (4 166 теңге), Семейде өзге өңірлермен салыстырғанда арзанырақ (1 714 теңге). Басқа қалаларда әйелдердің шашын қию қызметінің орташа бағасы - 2-3 мың теңге.

-->

Елімізде ерлердің шаш қию қызметінің орташа бағасы әйелдерге қарағанда арзандау– 2 037 теңге. Ер азаматтардың шашын алу бағасы Алматыда ең қымбат (2979 теңге), Қызылордада анағұрлым арзан (1355 теңге). Басқа қалалардағы баға диапазоны - 1400-ден 2500 теңгеге дейін, - делінген Ұлттық статистика бюросы таратқан ақпаратта.