Әлеумет

Еліміз азық-түлікке жұмсайтын шығын бойынша көш бастап тұр

Еуропа елдерінің ішінде Люксембург тұрғындары азық-түлікке ең аз ақша жұмсаса, ең көп шығын Қазақстан тұрғындарында, деп хабарлады Elorda.info Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Рейтинг Еуропа мемлекеттеріндегі үй шаруашылықтары бюджеттері туралы ресми мәліметтер негізінде жасалды. Онда темекі өнімдері мен алкогольдік сусындарға, мейрамханаларға, кафелер мен қонақүйлерге баруға, сондай-ақ, демалыс пен мәдени салаға жұмсалатын шығындардың үлесі туралы мәліметтер келтірілген.

Зерттеуге сәйкес, Люксембург тұрғындары азық-түлік сатып алуға қаражатының 8,4 %-ын ғана жұмсайды. Әрі қарай Нидерланды мен Ұлыбритания сәйкесінше 8,7% және 10,5% болды.

Қазақстанда қаржының жартысынан астамын, яғни 53%-ын азық-түлікке жұмсайды. Шығынның 35%-дан астамын Молдова, Солтүстік Македония, Беларуссия және Болгария тұрғындары азық-түлік өнімдеріне арнайды. Ал Ресейде 32,2%-ға тең.

Сарапшылар азық-түлік шығындарының үлесі жан басына шаққандағы ЖІӨ-мен тығыз байланысты екенін атап өтті.

Алкогольдік сусындар мен темекі өнімдеріне жұмсалатын шығындардың ең төменгі үлесі Люксембург, Германия, Португалия, Кипр және Испанияға тиесілі. Шығын 1,8 %-дан аспайды. Румынияда (8,1%), Финляндияда (5,3%) және Болгарияда (5%) алкогольге жұмсалатын шығынның үлесі жоғары .

Тамақтану мен қонақ үй шығындарының ең үлкен үлесі Швейцарияда байқалады, ол 11,2%-ға жетті. Бірінші бестікке Греция (8,9%), Кипр (8,9%), Португалия (8,8%) және Ұлыбритания (8,7%) кіреді.

Румыния (1,4 %), Қазақстан (1,9%) және Молдова (2,2%) тұрғындарының кафелер мен қонақүйлерге жұмсалатын шығындары Еуропа бойынша ең аз.

Демалыс және мәдениет шығындарының үлесі бойынша Австрия (13,4 %), Ұлыбритания (13%) және Швеция (11,5%) көш ,бастап тұр. Ал Қазақстан (1,5%), Черногория және Солтүстік Македония (2 %-дан аз) тұрғындары бұл салаға аз жұмсайды.

-->