1,5 миллион гектар қолданылмай жатқан жер мемлекетке қайтарылды
Бұл туралы Бас прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен жер саласындағы заңдылықты сақтау, сондай-ақ медициналық бұйымдарды сатып алу мәселелері жөніндегі алқа отырысында айтылды, деп хабарлады Elorda.info.
Бас прокуратураның хабарлауынша, алқа жұмысына Парламент Мәжілісінің депутаттары, ауыл шаруашылығы, экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерінің басшылары және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.
Бірінші мәселе, бойынша Бас прокурор биыл мемлекетке қолданылмаған 1,5 млн га жер қайтарылғанын атап өтті.
Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, қоғамдық жайылымдардың тапшылығы 29 млн га-дан 8 млн га дейін қысқартылды. Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Алматы облыстарында 11 мың үлескерге 500 мың га-дан астам жер қайтарылды.
Тексерістер олигополиялардың қолдануындағы ең жақсы және құнарлы ауылшаруашылық жерлерін, жайылымдар мен коммерциялық учаскелерді анықтады. Бүгінгі таңда олардан мемлекет пайдасына 145 мың гектар жер тәркіленді.
Тексеріс қорытындысы бойынша 56 қылмыстық іс қозғалды, 9 кінәлі адам сотталды.
Тексеру нәтижелері бойынша Шымкент, Ақмола, Атырау, Алматы және Түркістан облыстары әкімдіктерінің Жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бойынша басқармаларының лауазымды тұлғаларына, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарының жеке жер пайдаланушыларына қатысты 56 қылмыстық іс қозғалды.
Бүгінгі күні қылмыс жасаған 9 адам сотталды. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында 800 үлескердің жер телімдерін асыра пайдаланып, алаяқтық жасаған кәсіпорын басшысы 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Берік Асылов уәкілетті органдардың жайылым жерлерін оң басқарудың, ірі жер телімдерінің бір қолға шоғырлануына жол бермеу және үлестік жерлерге бақылауды күшейтудің, оның ішінде кез келген заңсыз схемаларды болдырмау жұмысының маңыздылығына назар аударды.
Ауыл шаруашылығы министрлігіне нақты іс-шаралар жоспарын дайындау арқылы заң бұзушылықтарды жою туралы талаптар қойылды.
Екінші мәселе бойынша "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының" қызметі тексерісінің нәтижелері талқыланды.
Прокурорлық тексеріс кезінде бюджет қаражатын жымқыру және жоғары бағамен сапасыз медициналық техниканы сатып алу фактілері анықталды.
Мәселен, Ақтөбе облысындағы медициналық орталық жылжымалы шұғыл медициналық көмек кешенін (жедел жәрдем) кедендік құнынан 4 есе артық бағамен сатып алынған. Нарықтық бағасы 16,6 млн теңге болса, орталыққа 72,9 млн теңге жұмсалған.
Осындай сызбалар Алматы қаласында, Ақмола, Атырау, Қарағанды, Қостанай, ШҚО, БҚО, Жамбыл және Павлодар облыстарында орын алған.
Тексеріс нәтижелері бойынша прокуратура заң бұзушылықтарын жою туралы 208 ұсыну енгізді, 405 адам тәртіптік және әкімшілік жауапқа тартылды, 15 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
-->