Әлеумет

Қазақстанда шағын кәсіпкерлер саны өсті

Биыл қараша айының басында елімізде 496,3 мың шағын кәсіпорын тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,4 пайызға көп, деп хабарлады Elorda.info Finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған компаниялардың ішінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар 379 мыңды құрап, 2021 жылғы қазанмен салыстырғанда 11,4 пайызға өсті. Тарату процесіндегі шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны үшінші жыл қатарынан қысқарып, 5,2 мың кәсіпорынды құрады. Бұл бір жыл бұрынғыдан 3,4 пайызға аз.

Бір жылда белсенді шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны бірден 10,2 пайызға өсіп, 2022 жылдың қазан айының соңында 181,5 мыңға жетті. Сонымен қатар олардың жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпорындардағы үлесі төртінші жыл қатарынан азайып келеді. Ал соңғы жылы 48,4 пайыздан 47,9 пайызға дейін төмендеді.

Қазақстандағы белсенді шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жартысына жуығы үш облыста: Алматы (47 мың), Астана (30,9 мың) және Қарағанды облысы (9,8 мың). Белсенді шағын компаниялардың ең азы жаңадан құрылған Ұлытау облысында: бар болғаны 1 мың.

Барлық белсенді шағын бизнес субъектілерінің төрттен бірі дерлік сауда және автокөлік пен мотоциклдерді жөндеу саласында жұмыс істейді: 45,2 мың компания — 2021 жылдың қазан айымен салыстырғанда 13,8 пайызға артық.

Сондай-ақ, білім беру (17,1 мың кәсіпорын), құрылыс (15,5 мың) және кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет (14,2 мың) салаларында да көп.

Өткен жылмен салыстырғанда сауда және автожөндеу саласында айтарлықтай өсім байқалды. Белсенді шағын кәсіпорындар саны 5,5 мыңға көбейді. Құрылыс саласындағы белсенді шағын кәсіпорындар саны 287-ге ғана азайып отыр.

-->