Әлеумет

Биыл елімізге келген туристер саны 3,6 есеге өсті

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылдың 9 айында 5,5 миллион қазақстандық шетелде демалып, 3,4 миллион адам басқа елдерден Қазақстанға келген, деп хабарлады Elorda.info.

Былтырғы 9 аймен салыстырғанда шетелге демалуға барғандар саны 2,2 есеге, Қазақстанға демалуға келгендер 3,6 есеге өскен.

Бұл ретте ішкі туристік бағыттарды таңдаушылар саны 25,1% артып, биыл қаңтар-қыркүйек айларында жергілікті табиғатты 4,8 млн адам тамашалауға келді.

Елімізге келушілер 3965 демалыс орнына орналасқан. Онда 84 416 бөлме бар. Демалыс орындарында 5,4 миллион адам демалып, оларға 129 183,2 миллион теңгеге қызмет көрсетілген.

Статистика мәліметтеріне сай, орналастыру орындарымен көрсетілген қызмет көлемі (мейрамхана қызметтерін қоспағанда) өткен жылмен салыстырғанда 54,5% өсті.

Сонымен қатар Ұлттық статистика бюросы биыл 9 айда курортты аймақтарға 2,4 миллион отандық және 317,2 мың келушілер келгенін айтты.

-->