Әлеумет

Елімізде ет өндірісі бір жылда 8 пайызға өсті

Қазақстандықтар көп тұтынатын сиыр еті бір жылда 8%-ға, ал дәстүрлі жылқы еті бірден 16%-ға қымбаттаған, деп хабарлады Elorda.info.

Ет өндірісі 2022 жылғы қаңтар–қазанда 59,1 мың тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,1%-ға өсті.

Биылғы қараша айының қорытындысы бойынша сиыр еті 8%-ға, жылқы еті 16,1% -ға қымбаттады. Шошқа еті бағасы бір жылда 13,4%-ға, қой еті 12,4%-ға  өсті.

Осы жылдың қараша айында шошқа еті айтарлықтай қымбаттады. Одан кейін жылқы, сиыр және қой етіне баға қосылды.

2022 жылдың қараша айының қорытындысы бойынша жылқы етінің бір келісі 2999 теңгеден, қой еті -2673 теңгеден, сиыр еті -2421 теңгеден, шошқа еті - 2077 теңгеден сатылып жатыр.

-->