Әлеумет

Кәсіпкерлерді балық өнімдерін терең өңдеуге ынталандыру керек - Смайылов

Бүгін Үкімет отырысында «Балық саласын дамыту туралы» мәселесі талқыланды. Премьер-Министр Әлихан Смайылов Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтің баяндамасынан кейін бірқатар тапсырма берді, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.

Оқи отырыңыз: Елімізде 42 тоннадан астам балық ауланды

Қазақстанда 12 мыңнан астам адам балық аулауды кәсіп етіп отыр

-->

Біз әлі күнге дейін өз нарығымызды отандық балықпен толық қамтамасыз ете алмай келеміз. Импорттың үлесі әлі де жоғары. Кейбір өңірлер бағдарламадағы жоспарлы көрсеткіштерді қамтамасыз ете алмай отыр.

Балық өсіру көрсеткіші ең төмен өңірдің ішінде Атырау облысы да бар. Сонымен қатар Қарағанды, Алматы және Павлодар облыстарында да балық өндірісі төмен. Аталған өңір әкімдіктері жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмысты күшейтіп, бизнестің бастамаларына қолдау көрсетуі қажет.

Сондай-ақ кәсіпкерлерді балық өнімдерін терең өңдеуге ынталандыру керек. Тиісті мемлекеттік қолдау шаралары акваөсіру жөніндегі заң жобасы шеңберінде ескерілуі тиіс. Табиғи су қоймаларындағы балық қорының көбеюіне де назар аудару керек, — деді Әлихан Смайылов.