Әлеумет

Елімізде табиғи газ өндіру көлемі азайды

Биыл он айда елімізде ақшалай көлемде 259,9 млрд теңгеге табиғи газ өндірілді, бұл 2021 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 1,5%-ға аз, деп хабарлады Elorda.info.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, есепті кезеңде нақты мәнде 43 366,8 млн/м3 табиғи газ өндірілді, бұл да өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5%-ға төмен. Ілеспе мұнай газ өндірісі 25 777,1 млн/м3 құрады, бұл 2021 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 2,9%-ға аз.

Қазақстанда табиғи газ өндірісімен 4 кәсіпорын айналысады.

-->