Ұлттық компаниялардың құжатайналымында мемлекеттік тілдің үлесі төмен
Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті ұлттық компаниялардың құжатайналымындағы мемлекеттік тілдің үлесіне ІІІ тоқсанда жүргізілген мониторинг қорытындысын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.
Мониторинг қорытындысына сәйкес, ұлттық компаниялардың мемлекеттік тілдегі құжатайналымының үлесі – 70%.
Соның ішінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (5%), «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ (34%), «Қазақстан темір жолы» АҚ (34%), «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (36%), «QazExpoCongress» ҰК» АҚ (39%), «KEGOC» АҚ (49%), «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (51%) және т.б. мемлекеттік тілде іс жүргізу үлесі тым төмен.
Тіпті «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ іс-қағаздарын 95% орыс тілінде жүргізіп келген.
Шара қорытындысы бойынша ұлттық компанияларға шығыс және ішкі құжаттарын мемлекеттік тілде дайындау мәселесін қатаң бақылауға алу қажеттігі ұсынылды.
Айта кету керек, ұлттық компаниялардың мемлекеттік тілдегі құжатайналымының үлесі 2022 жылдың қорытындысы бойынша 96,5% құрауы тиіс.
-->Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті ұлттық компаниялардың құжатайналымындағы мемлекеттік тілдің үлесіне ІІІ тоқсанда жүргізілген мониторинг қорытындысын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.