Қазақстанда тауық еті бір жылда 28%-ға қымбаттады
1 қарашаға дейінгі дерекке қарағанда биыл Қазақстанда тауық етінің бағасы 27,9%-ға көтерілген деп хабарлады Elorda.info Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.
Дүкендерде тауық етінің бір келісі 1 400 теңге, ал бір келі тауықтың сан еті 1 200 теңге тұрады.
Оқи отырыңыз: Елордада жыл басынан бері тауық еті 400 теңгеге қымбаттады
Астанада соңғы жарты жылда сары май бағасы 2000 теңгеге дейін өскен
Тауық еті ең қатты қымбаттаған өңірлер – Абай облысы (баға бір жылда 52,3% көтерілген), Шымкент (48,7%) пен Шығыс Қазақстан облысы (41,9%). Ал тауықтың сан етінің бағасы Маңғыстауда 54,9%, Павлодар облысында 43,9% мен Солтүстік Қазақстан облысында 35,7%-ға жоғарлаған.
Статистикаға сенсек, ең қымбат тауық еті Ақтауда сатылып жатыр. Онда бір келі етті 1 700 теңгеге алуға болады. Ал тауықтың сан етінің ең қымбаты Түркістанда, онда бір келінің бағасы – 1 400 теңге. Ең арзан тауық еті (1 200 теңге) мен сан еті (997 теңге) Оралда сатылады.
Мамандар биыл Қазақстанда тауық еті былтырға қарағанда 4,3% (267,2 тонна) артық сатылған дейді.
-->