Елімізде соңғы 10 жылда оқушы саны 1 миллионға өсті
Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы туралы баяндамасында айтты, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.
-->Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы туралы баяндамасында айтты, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.
Тек соңғы 10 жылдың ішінде оқушы саны 1 млн-ға өсіп, бүгінгі күні 3,7 млн-ға жетіп қалды. Бұл тарихта болмаған рекордтық көрсеткіш.
Осыған байланысты мектептерге үлкен жүктеме түсіп отыр. Проблемаға әсер етіп отырған бес фактор бар.
Олар - урбанизация, миграция, туу көрсеткіші, мектеп ғимараттарының тозуы және мегаполистерде тұрғын үйлердің тығыз салынуы. Бұл факторлар жобада толығымен ескерілді, - деді министр.