Әлеумет

Елордада Екібастұз тұрғындарына гуманитарлық көмек жиналып жатыр

«Қазпошта» акционерлік қоғамы Екібастұз тұрғындарына гуманитарлық көмек жөнелтуді қолға алады. Бұл туралы компанияның басқарма төрағасы Әсел Жанасова өзінің  Facebook парақшасында мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Оқи отырыңыз: Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды

-->

Достар, Екібастұзда көпқабатты және жеке тұрғын үйлер жылусыз қалды. Алда 30 градустан төмен аязды күндер бар. Біздің компания шетте қала алмады – бүгін Қазпошта гуманитарлық көмек жинауды бастайды. Астана мен Алматыдағы кез келген Қазпошта бөлімшесіне жылытқыш, көрпе, жылы киім және басқа керек заттар әкелуге болады. Барлық көмек Екібастұзға компаниямыздың күшімен жеткізіледі, - деп жазды Әсел Жанасова.