Әлеумет

Елімізде 5 мыңнан астам пәтер заңсыз жалға берілген

Қазақстанда заңсыз жалға берілген 5 мыңнан астам пәтер анықталды. Бұл туралы Сенатта Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев айтты, деп хабарлады Elorda.info. 

Zakon.kz сайтының жазуынша, вице-министр жалға берілетін тұрғын үй нарығының басым бөлігі «көлеңкеде» екенін қоса кеткен.

Оның айтуынша, бұл мәселені шешу үшін Ішкі істер министрлігі мен Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті арасында бірлескен іс-қимыл бойынша жұмыс тобы құрылған.

Кейін Сенат отырысында ол қабылданатын шараның бірі - әкімшілік айыппұл болуы мүмкін деп болжады.

5 қарашада Орал қаласының тұрғындары шетелдіктерге заңсыз баспана бергені үшін жазаланды. Тәртіп бұзушылар полицейлер жүргізген рейд барысында анықталды. Бірақ мұндай фактілер көбіне адамдардың аноним түрде айтуының арқасында белгілі болады.

-->

Заңсыз жалға берілген 5 мыңнан астам пәтер анықталды. Соған сәйкес шаралар қабылданды, -деді Еркебұлан Дауылбаев.

Кейін Сенат отырысында ол қабылданатын шараның бірі - әкімшілік айыппұл болуы мүмкін деп болжады.

Ішкі істер министрлігі мен Мемлекеттік кірістер комитетінеy егжей-тегжейін білу керек. Қателеспесем олар кейінгі үш айға қарап, анықталды, - деді ол.