Әлеумет

Демалыс күндері 38 градусқа дейін аяз болады

Демалыс күндері Қазақстан аумағының басым бөлігіне арктикалық салқын ауаға толы солтүстік антициклон ықпал етеді, сол себепті еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығы мен шығысында ауа температурасының күрт төмендеуі мүмкін, деп хабарлады Elorda.info «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

-->

Атмосфералық ағындардың өтуімен 26 қарашада шығыста, 26-28 қарашада республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа райы құбылмалы болады, қар, жауын-шашын болуы мүмкін. 26 қарашада шығыста, 26-27 қарашада оңтүстік-шығыста қалың қар жауады. Республика бойынша тұман түсіп, шығыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жел 15-28 м/с-ке дейін күшейеді, шығыста бұрқасын, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста көктайғақ болады.

Түнде батыста ауа температурасы 5-15 градусқа дейін төмендейді, ауа температурасының күрт төмендеуі 26-27 қарашада Солтүстік-батыста - 20-30 градусқа дейін, солтүстікте - 23-36 градусқа дейін, орталықта - 17-34 градусқа дейін, 27-28 қарашада шығыста - 27-38 градусқа дейін, 27-28 қарашада - ауа температурасының төмендеуі, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 5-15 - ке дейін, таулы аудандарда-15-20 градусқа дейін түседі, - делінген хабарламада.