Әлеумет

eGov порталында жаңа қызмет іске қосылды

Сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы ақпаратты енді eGov.kz порталы мен eGov мобайл қосымшасынан алуға болады, деп хабарлады Elorda.info «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызмет онлайн режимінде қолжетімді және тегін көрсетіледі. Жаңа қызметтің көмегімен сыбайлас жемқорлық қылмыстың болуы немесе болмауы туралы мәліметтер алуға болады:

азаматтық қызметке кіру кезінде;

квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа орналасу кезінде.

Бұған дейін мәліметтерді Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті және оның өңірлік басқармалары азаматтардың жеке өтініштері бойынша Е-otinish азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы алуға болатын.

Мәліметтер жұмыс берушіге ұсынылғаннан кейін, жұмысқа қабылдау туралы шешімді жұмыс беруші қабылдайды. ҚР еңбек кодексіне сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа орналасуына жол берілмейді. Бұл жаңартулар Қазақстан Республикасы президентінің жарлығы шеңберінде жүзеге асырылғаны айтылды. eGov.kz порталында жаңа қызметті алу үшін пайдаланушылар:

порталда авторланудан өту;

басты бетте «Азаматтарға» — «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» — «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімін таңдау қажет;

«Адамның сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы мәліметтер беру» қызметін таңдап, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басу қажет;

қызметке ЭЦҚ қою және алу.

Қызмет көрсету мерзімі:

10 минут;

қосымша тексеру қажет болған жағдайда – 5 жұмыс күні;

қосымша тексеру жүргізілген жағдайда, 3 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші сұрау салуды алған сәттен бастап 20 жұмыс күні өткен соң қайта өтініш беру қажеттігі туралы аралық жауап жолданады.

Қызмет көрсету нәтижесі — хабарлама, жеке кабинетте «Қызметтер тарихы» бөлімінде түпкілікті процестік шешім қабылданбаған сыбайлас жемқорлық баптары бойынша қозғалған қылмыстық істің болуы не болмауы туралы мәліметтер болады.

Бұл ретте аталған қызмет түрі eGov мобайл қосымшасының «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде қолжетімді. Мәліметтер eGov mobile-ге хабарландырулар бөліміне жіберіледі.

-->