Әлеумет

2023 жылдан бастап қандастарды қабылдау квотасының саны ұлғаюы мүмкін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2023 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы» бұйрығын жариялады, деп хабарлады Elorda.info. 

Ашық талқыға шығарылған құжатқа сай, 2023 жылы Қазақстан өңірлері 1 925 қандасты қабылдамақ. Сондай-ақ еліміз 6 727 қоныс аударушыға квота беруі мүмкін.

Еске сала кетсек, биыл Үкімет елге оралуға ниетті қандастар үшін 1 499 квота, ал қоныс аударушыларға 6 587 квота бөлген болатын.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығын ашық талқылау 5 желтоқсанға дейін жалғасады.

-->