Республикалық «Үздік педагог – 2022» байқауында Қызылорда облысының ұстазы жеңімпаз атанды
Оқу-ағарту министрлігінің «Үздік педагог-2022» республикалық конкурсының салтанатты марапаттау рәсімінде Жалағаш ауданы Т. Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Қосжанова Салтанат Орынтайқызы жеңімпаз атанды, деп хабарлады Elorda.info.
Салтанатты марапаттау рәсімінде Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мектептер мен колледждердің үздік мұғалімдеріне ақшалай сертификаттар мен төсбелгілерді табыс етті. Жеңімпаз атанған әр ұстазға 3 миллион теңгенің сертификаты берілді.
Айта кету керек, биыл байқауға 5,5 мың педагог өтінім берген. Олардың ішінен ең үздік 120 педагог іріктеп алынды. Олар елордаға келіп, өздерінің ашық сабақтарын көрсетті. Соның қорытындысында жетекші әдіскерлер ең үздіктерге дауыс берді. Олар – 64 педагог.
-->