Қазақстандық бірлестік Еуропада мойындалды
Ұлттық сананы жаңғырту, түлету, отбасы құндылығын арттыру мақсатында қарқынды жұмыс атқарып келе жатқан «Сенімен болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі еуропалық деңгейге шықты. Бұған бірлестіктің ұйытқы болуымен биыл 17 тамызда Астана қаласында өткен ата-аналарға арналған тамыз конференциясы себеп болды. Ауқымды деңгейде өткен жиынға «EuroParents» еуропалық ата-аналар ассоциациясының вице-президенті Aivar Haller арнайы қатысып, жемісті де нәтижелі еңбек етіп жатқан ұйымға риза болған еді, деп хабарлады Elorda.info.
Міне, осы шақырту негізінде бірлестіктің өкілдері Астанадан Люксембургке барып қайтты. Делегация құрамында бірлестігіміздің құрылтайшысы, қоғам қайраткері Нұркен Асанов пен төрағасы Жансая Бердімұратқызы, төраға орынбасары Әлия Жұманиязқызы және Павлодар облыстық филиалының басшысы Хызыр Жанарыс болды. Бұл сапардың басты мақсаты – Еуропадағы 25 елдің ата-аналар ұйымдарының басқарушы өкілдері қатысатын конференцияға Қазақстанның атынан серіктес ретінде қатысу.
Екі күнге созылған конференцияның бірінші күнінде Люксембургте «Parents together for education» – «Ата-аналар білім алу үшін бірігеді» тақырыбында пленарлық отырысы өтті. Алдымен «EuroParents» еуропалық ата-аналар ассоциациясының президентінің сайлауы өтіп, осыған дейін президенттілікке Victor Petuya қайта сайланды. Келесі кезекте 25 елден келген бірлестік өкілдері өздерінің жұмыс жоспарларын, атқарылып жатқан іс-шараларын таныстырды.
Ассоциация президенті Victor Petuya мырза бір бағытта жұмыс істеп жатқан бірлестіктерге ары қарай да сәттілік тіледі. Соның ішінде ашылғанына бір жыл болса да елеулі еңбек етіп жатқан «Сенімен болашақ» РҚБ құрылтайшысы Нұркен Асанов мырзаға алғысын білдірді. Алдағы уақытта Қазақстанға барғысы келетінін, бірлестік жұмысымен танысқысы келетінін жеткізді.
-->