«Әлсіреп кеткен»: Көкшетауда ата-ана 5 жасар баланы байлап ұстаған
Көкшетауда ата-ана 5 жасар баласын аш күйінде байлап ұстаған, деп хабарлады Elorda.info.
Көкшетау қалалық полиция бөліміне облыс орталығының тұрғыны хабарласып, 2017 жылы туған баланы байлап, аш қалдыратын туысының үстінен шағым түсірген.
Тексеру барысында 37 жастағы Көкшетау тұрғынының бірінші некесінен кәмелетке толмаған 3 баласы және екінші некесінен кәмелетке толмаған 4 баласы бар екені анықталған. Қазіргі уақытта ер адам екінші әйелімен тұрады.
Учаскелік полиция инспекторы мен жауапты мекеме өкілдері аталған мекенжайға барып, баланың расымен әлсіреп кеткенін көрген. Ата-анасы баланың денсаулығына байланысты медициналық көмекке жүгінбеген.
Бұл отбасына педиатр жіберіліп, тексеруден кейін бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылған.
-->Көкшетауда ата-ана 5 жасар баласын аш күйінде байлап ұстаған, деп хабарлады Elorda.info.
Көкшетау қалалық полиция бөліміне облыс орталығының тұрғыны хабарласып, 2017 жылы туған баланы байлап, аш қалдыратын туысының үстінен шағым түсірген.
Тексеру барысында 37 жастағы Көкшетау тұрғынының бірінші некесінен кәмелетке толмаған 3 баласы және екінші некесінен кәмелетке толмаған 4 баласы бар екені анықталған. Қазіргі уақытта ер адам екінші әйелімен тұрады.
Учаскелік полиция инспекторы мен жауапты мекеме өкілдері аталған мекенжайға барып, баланың расымен әлсіреп кеткенін көрген. Ата-анасы баланың денсаулығына байланысты медициналық көмекке жүгінбеген.
Бұл отбасына педиатр жіберіліп, тексеруден кейін бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылған.
Көкшетау қалалық Ішкі істер басқармасы қорғаншылық және қамқоршылық органына сот-медициналық сараптама жүргізу қажеттілігі туралы ақпарат жолдады. Қазіргі уақытта тексеру жүріп жатыр. Балаға сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады, - деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.