Әлеумет

Қазақстандықтар табысының жартысын азық-түлікке жұмсайды

Қазақстандықтардың шығындары жан басына шаққанда орташа есеппен 225,3 мың теңге. Бұл – халықтың орташа табысының 94,6%-ы, деп хабарлады Elorda.info.

Inbusiness.kz жазуынша, еліміздің төрт өңірінде халықтың шығыстары кірістерінен асып түседі: Алматыда (10,6%-ға), сондай-ақ Алматы облысы (10%-ға), Жетісу (9,9%-ға) және Түркістан (5,4%-ға) облыстарында.

Халық шығынының 51,4%-ы немесе 115,8 мың теңгесі бірден ең қажетті азық-түлік тауарларына бағытталды. Ал еліміздің төрт өңірінде – Маңғыстау, Алматы, Түркістан және Жамбыл облыстарында азық-түлікке жұмсалған қаражат шығыстардың 60%-дан астамын құрайды.

Оқи отырыңыз: Астанада жыл басынан бері күнбағыс майы 245 теңгеге қымбаттады

Халықтың барлық несиесі кешірілсе, Үкімет ұтылмайды – Ғалым Байназаров

Бұл облыстарда тұрғын үймен қамту көрсеткіші де төмен. 2021 жылдың қорытындысы бойынша тізімді Жамбыл, Түркістан және Алматы (қазіргі уақытта Алматы және Жетісуға бөлінген) облыстары бастайды.

Бұл өңірлердің тұрғындары үшін, сондай-ақ, негізінен, салыстырмалы түрде табысы төмен барлық қазақстандық үшін тұрғын үй мәселесін шешудің уақыт сынынан өткен нұсқасы – тұрғын үй жинақтары жүйесі. 

Сонымен қатар жалақысы төмен қазақстандықтар коммерциялық банктердің стандартты ипотекалық бағдарламаларын ала алмайды: несиелік қаражат банктердің мөлшерлемелерін есепке алғанда тым қымбатқа түседі. Тұрғын үй құрылысы жинақтары табысы төмен болса да жүйелі түрде қаражат жинауға, содан кейін қолайлы мөлшерлеме бойынша несие алуға көмектеседі. Бұл құрал қазір барлығына дерлік қолжетімді.

-->